Мемлекет басшысы айқындаған туризм саласын дамыту жөніндегі басым міндеттер аясында және Жетісу облысының әкімінің қолдауымен Сарқан ауданы аумағында орналасқан Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Жасылкөл бағытына апаратын жолдың құрылысы жүргізілуде.
Қазіргі уақытта жолдың 4,5 шақырымы салынып, жұмыстарға екі бірлік ауыр техника – бульдозер мен «Амкодор» фронталды тиегіші жұмылдырылған. Жолға қиыршық тас төселіп, туристердің жеңіл автокөлікпен Жасылкөлге қауіпсіз әрі қолайлы жетуіне жағдай жасалуда.
Аталған жоба өңірдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға және Жасылкөл бағытының қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.