🔹Ұлттық парк аумағындағы жер учаскелерін ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға беру мәселелері талқыланды
2026 жылғы 22 шілдеде «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің ұйымдастыруымен туристік инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және жер учаскелерін пайдалануға беру мәселелеріне арналған онлайн-кездесу өткізілді.
🔹Zoom платформасында өткен жиынға Жетісу облысының туризм басқармасының, Сарқан ауданы әкімдігінің, Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіпкерлер, әлеуетті инвесторлар және ұлттық парктің жауапты қызметкерлері қатысты.
🔹Кездесу барысында ұлттық парк аумағында ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға ұсынылатын жер учаскелері жөнінде ақпарат беріліп, жер учаскелерінің орналасқан жері, ауданы, инфрақұрылымдық мүмкіндіктері, сондай-ақ оларды ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға беру тәртібі түсіндірілді.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ұсыныстар мен инвестициялық бастамалар талқыланды.