🔹Ағымдағы жылдың 7–9 шілдесі аралығында «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің 2026 жылғы 2 шілдедегі №166 Н/Қ бұйрығына сәйкес туристік және рекреациялық мақсаттарда ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға ұсынылатын жер учаскелеріне техникалық қарап-тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында парк қызметкерлері жер учаскелерінің нақты шекараларын белгілеп, бұрылыс нүктелерінің координаттарын анықтады. Сонымен қатар, ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға берілетін әрбір жер учаскесі бойынша техникалық қарап-тексеру актілері рәсімделді.