Skip to content
Жаңалықтар Ағынықатты өзені

Ағынықатты өзені

  • by

Ағынықатты – Жетісу жерінің табиғи байлығы, таудан арқырай аққан мөлдір суы мен көркем табиғаты үйлескен ерекше мекен.
🔹Ағынықатты өзені шамамен 3764 метр биіктіктен бастау алып, Лепсі өзеніне келіп қосылады. Өзеннің ұзындығы 51 шақырым.
Биік таудан құлай аққан Ағынықаттының мінезі ерекше. Әсіресе көктем мезгілінде тау басындағы қар еріп, өзенге еріген қар суы қосылған кезде арнасы толып, ағысы қатты күшейеді.
🔹Жергілікті тұрғындардың айтуынша, «Ағынықатты» атауы да өзен суының қатты әрі екпінді ағуына байланысты қойылған.