Skip to content
Жаңалықтар Хабарландыру

Хабарландыру

  • by

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер учаскелерін туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылыс объектілерін салуға ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға беру құқығына рұқсат беру жөніндегі лоттар бойынша тендердің өткізілетінін хабарлайды.

Ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін лоттар:

№ 4 лот – туристік база салу – Тополевка орманшылығы, «Шолақ-жота» шатқалы, 55-орам, 5-телім – 2,0 га.

№ 16 лот – сауықтыру кешенін салу – Лепсі орманшылығы, Лепсі ауылы, 3-орам, 58-телім – 2,0 га.

№ 17 лот – туристік база салу – Басқан орманшылығы, Үлкен Басқан өзені, 14-орам, 20-телім – 2,0 га.

№ 18 лот – қонақ үй салу – Аманбөктер орманшылығы, «Сарқан» шатқалы, 13-орам, 2-телім – 2,0 га.

№ 19 лот – қонақ үй салу – Басқан орманшылығы, Кіші Басқан өзенінің аңғары, 9-орам, 32-телім – 2,0 га.

№ 20 лот – қонақ үй салу – Басқан орманшылығы, Үлкен Басқан, 14-орам, 20-телім – 1,0 га.

Қысқа мерзімді пайдалануға берілетін лоттар:

№ 1–10 лоттар – Сарқан орман тұқымбағы, 1-орам, 1-телім.

№ 11–20 лоттар – «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ әкімшілік ғимараты, 2-орам, 8-телім.

№ 43–46 лоттар – Көкжар орманшылығы, Көкжар шатқалы, 2-орам, 1-телім.

№ 47–50 лоттар – Көкжар орманшылығы, Жамантас шатқалы, 52-орам, 5-телім.

Тендерлік құжаттаманы жазбаша өтініш негізінде «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінен мына мекенжай бойынша алуға болады: Жетісу облысы, Сарқан қаласы, Венедиктов көшесі, 74, сондай-ақ «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің ресми сайтынан алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 25 тамыз сағат 17:00-ге дейін.

Тендердің өткізілетін күні мен орны:

№ 18 лот (ұзақ мерзімді пайдалану) бойынша тендер 2026 жылғы 28 тамызда сағат 9:00-де, № 16 лот (ұзақ мерзімді пайдалану) және № 43–50 лоттар (қысқа мерзімді пайдалану) бойынша 2026 жылғы 28 тамызда сағат 10:30-да, № 4, 17, 19, 20 лоттар (ұзақ мерзімді пайдалану) және № 1–20 лоттар (қысқа мерзімді пайдалану) бойынша 2026 жылғы 28 тамызда сағат 14:30-да «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің әкімшілік ғимаратында келесі мекенжай бойынша өткізіледі:

Жетісу облысы, Сарқан қаласы, Венедиктов көшесі, 74.

Анықтама телефоны: 8(72839) 2-12-01, 8 (72839) 2-19-23, 8 (705)422-28-49

E-mail: gongar_alatau@mail.ru

Қолданылатын қысқартулар: га – гектар; м² – шаршы метр.