Орман өртінің алдын алайық! 🌲🔥
Лепсі филиалы ауыл тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерге орман өртінің алдын алу мақсатында арнайы жадынамалар таратты.
Орманда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау — баршамызға ортақ міндет. 🌿
🚫 Орманда:
* құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге;
* сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын тастауға;
* рұқсат етілмеген жерде от жағуға;
* жағылған отты қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынады!
🔥 Кішкентай абайсыздық үлкен өртке себеп болуы мүмкін.
Табиғатты бірге қорғайық! Орман — ортақ байлығымыз! 🌳
#ЛепсіФилиалы #ОрманӨртініңАлдынАлу #ӨртҚауіпсіздігі #ТабиғаттыҚорғайық #Орман