2026 жылғы 7 тамызында «ТАБИҒАТ – ҰЛТТЫҚ МҰРА» атты Республикалық сараптамалық дөңгелек үстел циклі аясында «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен кедесу өтті.
Іс-шара табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және сала мамандарының тәжірибе алмасуына арналған маңызды алаңға айналды.
🌱 Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар:
🔹 биоалуантүрлілікті сақтау;
🔹 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту;
🔹 табиғат қорғау қызметінің өзекті мәселелері;
🔹 мемлекеттік инспекторлардың практикалық тәжірибесі;
🔹 ғылыми мониторинг пен ғылыми зерттеулер;
🔹 браконьерлікпен күрес;
🔹 экологиялық туризмді дамыту
🔹 экологиялық ағарту жұмыстарын күшейту;
🔹 табиғат қорғау заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.
🤝 Ортақ мақсат
Дөңгелек үстелдер циклі – табиғатты қорғау саласындағы мемлекеттік органдар, ғылым, қоғамдық ұйымдар және сарапшылар арасындағы тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғат – ұлттық мұра, оны сақтау – болашақ алдындағы жауапкершілігіміз