Skip to content
Жаңалықтар Таудың тылсым иесі – қар барысы

Таудың тылсым иесі – қар барысы

  • by

🐆 Таудың тылсым иесі – қар барысы

Оны табиғатта көру — өте сирек бұйыратын сәт. Қар барысы биік таулардың ең құпия әрі айбынды жыртқыштарының бірі. Ол көзге көп түспейді, көбіне адам аяғы сирек жететін жартасты, биік таулы аумақтарды мекендейді.

🏔️Қар барысының ерекше қабілеттерінің бірі — бір секіргенде шамамен 15 метрге дейінгі қашықтықты еңсере алуы. Ал ұзын әрі қалың құйрығы жартастар арасында қозғалғанда тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Қақаған суықта оны денесіне орап, жылыну үшін де пайдаланады.

Тағы бір қызығы — қар барысы арыстан немесе жолбарыс секілді ақыра алмайды. Оның дыбыстары көбіне пырылдау, ырылдау және басқа бәсең үндерге ұқсайды.

🔺Қазақстанда қар барысы Қызыл кітапқа енгізілген және мемлекет қорғауында. Оның мекен ету аумағының бір бөлігі еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орналасқан. Қар барысы Іле-Алатауы, Катонқарағай, Көлсай көлдері, Сайрам-Өгем және Жоңғар Алатауы, Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, Ақсу-Жабағылы және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтарының таулы аумақтарында кездеседі.

🌐 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk