Skip to content
Жаңалықтар «Zhailau Fest» аясында экологиялық сенбілік өтті

«Zhailau Fest» аясында экологиялық сенбілік өтті

  • by

🌿 Сарқан ауданындағы Тополевка ауылында өткен «Zhailau Fest» жастар фестивалі аясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы қолдау тауып, экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында фестиваль қатысушылары мен жастар Теректі өзенінің бойын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты.

♻️ Шараның басты мақсаты – табиғатты таза ұстау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.

🌱 Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!

#ТазаҚазақстан #ZhailauFest #ЭкологиялықСенбілік #ТеректіӨзені #ТабиғатЖанашырлары