«ЖЕТІСУ – ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ» CREATIVE AIMAQ жәрмеңкесінің алғашқы күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды өтті.
Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына Жетісу өңірінің туристік әлеуеті, көрікті табиғаты, бай мәдениеті, ұлттық өнері мен қолөнері, сондай-ақ шығармашылық жетістіктері және туризм саласындағы мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Аймақтың тау туризмі, экотуризм бағыттары мен демалыс орындары ерекше назарға ұсынылды.
Жәрмеңкеге Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы қатысып, Жетісу өңірінің мәдениеті, өнері және туризм саласындағы әлеуетімен танысты.
Жәрмеңке жұмысы ертең де жалғасады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын Жетісудың табиғаты, мәдени мұрасы және туристік бағыттарын жақынырақ танып, шығармашылық әлемін тамашалауға шақырамыз!