Жетісу – креативті идеялар мекені
✨ «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында Жетісу облысы өзінің мәдениеті, ұлттық құндылықтары, табиғи ерекшеліктері мен шығармашылық әлеуетін елорда төрінде таныстыруда.
Жоба – өңірлердегі креативті индустрияны дамытуға, талантты шығармашылық өкілдерін қолдауға және жергілікті брендтерді кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды алаң.
🌿 Жетісу – табиғаты көркем, тарихы терең, өнері мен дәстүрі сабақтасқан қасиетті өлке. Осы бай мұраны заманауи шығармашылықпен ұштастыра отырып, өңірдің бірегей келбеті ұсынылуда.
🌳 Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі де Жетісудың табиғи байлығы мен туристік әлеуетін таныстыруға өз үлесін қосып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың көрікті жерлерін, туристік бағыттарын және экологиялық құндылықтарын көпшілікке ұсынуда.
💚 Жетісу – табиғат, дәстүр және шығармашылық тоғысқан креативті аймақ!
#CreativeAimaq #Жетісу #КреативтіЖетісу #ЖоңғарАлатауы