🌿 Жетісудың туристік әлеуеті елорда төрінде таныстырылуда
Астанада өтіп жатқан «Creative Aimaq» көрме-жәрмеңкесінде Жетісу облысының туризм саласы кеңінен таныстырылды.
Келушілерге «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы, сондай-ақ «Алтын-Емел», «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, «Жаркент-Арасан» шипажайы және «Тау Жетісу» туристік бағыттары туралы ақпарат ұсынылды. Жетісу облысының табиғаты мен туристік әлеуеті, көрікті жерлері мен демалыс орындары кеңінен таныстырылды.
Жәрмеңкеде өңірдің табиғаты, тарихи-мәдени нысандары, демалыс орындары мен туристік бағыттары таныстырылып, қонақтарды Жетісудың көрікті жерлеріне саяхат жасауға шақырды.
✨ Жетісу – табиғаты тамаша, туристік мүмкіндігі мол ерекше өңір!