Skip to content
Жаңалықтар Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

  • by

📍 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Отырыс барысында туристік инфрақұрылымды дамыту және ұлттық парк аумағында туристік-рекреациялық қызметті одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды.

📋 Күн тәртібінде:
🔹Туристік инфрақұрылымды дамыту және туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру мақсатында ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға ұсынылатын жер учаскелеріне өткізілетін тендерлік конкурстың шарттары мен өткізу тәртібі туралы таныстыру.
🔹Ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға ұсынылатын жер учаскелерінің орналасуы, нысаналы мақсаты және пайдалану талаптары туралы ақпарат.

Кеңес барысында ұлттық парк аумағында туризмді тұрақты дамыту, табиғи кешендерді сақтау және жер учаскелерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға жер учаскелерін беру бойынша өткізілетін тендерлік конкурстың құжаттамасы қаралып, оның негізгі талаптары мен шарттары талқыланды. Қатысушыларға конкурсқа қатысу шарттары, тендерлік құжаттама және ұсынылатын жер учаскелері туралы жан-жақты ақпарат берілді.