🏔️ №4 туристік маршрут — «Шумский мұздығы»
🌿 Ұлттық парк аумағындағы №4 туристік маршрут — «Шумский мұздығы» табиғаттың қайталанбас сұлулығын тамашалауға мүмкіндік беретін ерекше бағыттардың бірі.
Маршруттың негізгі көрініс нысаны — көркем Кіші Басқан шатқалы. Саяхат барысында қылқан жапырақты ормандардың әсем көріністері, өзен аңғары, мореналық көлдер мен альпілік шалғындар көз тартады.
🏔️ Маршруттың ең биік нүктелерінің бірі — теңіз деңгейінен шамамен 4442 метр биіктікте орналасқан Шумский мұздығы.
✨ «Шумский мұздығы» — биік таулардың тынысын сезініп, табиғаттың тылсым әлемін тамашалауға мүмкіндік беретін ерекше бағыт.
🌲 Табиғатты бірге аялайық!
#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ШумскийМұздығы #КішіБасқан #Туризм Экотуризм ТабиғатЖанашырлары
📸 Рекреация және туризм инженері Шамшудинов М





