Skip to content
Жаңалықтар №7 туристік маршрут — «Лепсі орман тұқымбағы»

№7 туристік маршрут — «Лепсі орман тұқымбағы»

  • by

№7 туристік маршрут — «Лепсі орман тұқымбағы»

🌿 Ұлттық парк аумағындағы №7 туристік маршрут — табиғатпен жақынырақ танысып, орман өсімдіктерін қорғау және көбейту жұмыстарының маңызын білуге мүмкіндік беретін танымдық бағыттардың бірі.

🌲 Маршруттың негізгі нысаны — Лепсі орман тұқымбағы. Мұнда орманды қалпына келтіру, көшеттер өсіру және табиғи аумақтарды көгалдандыру бағытында жұмыстар жүргізіледі.

🌱 Саяхат барысында келушілер орман тұқымбағының тыныс-тіршілігімен танысып, табиғи ресурстарды сақтау мен орман қорын молайтудың маңызын түсіне алады.

🏡 Келушілерге жайлы демалыс ұйымдастыру мақсатында маршрут бойында демалыс орындары,орындықтар және тамақ дайындауға арналған арнайы орындар қарастырылған.

🌿 Мұнда келушілер табиғат аясында серуендеп, таза ауамен тыныстап, отбасыңызбен немесе достарыңызбен жайлы уақыт өткізе алады.