«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» қызметкерлеріне интернет алаяқтықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жиыны өткізілді.
Жиынды Сарқан аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Тошанов Диас Алмасұлы өткізді.
Кездесу барысында интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың қолданатын тәсілдері және күмәнді жағдайларда сақтық шараларын сақтау туралы ақпарат берілді.
Қызметкерлерге жеке және қаржылық мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс қоңырауларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндірілді.
🔐 Сақтық – алаяқтықтан қорғанудың басты жолы!