🔹 Өрт қаупінің жоғары деңгейде сақталуына байланысты, ұлттық парктің Лепсі филиалында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес орман өртін сөндіру бойынша практикалық оқу-жаттығу өткізілді.
🔹 Оқу-жаттығу барысында жеке құрамның өрт туындаған жағдайда жедел әрекет ету дағдылары, өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтарын пайдалану тәртібі, сондай-ақ өртті сөндіру кезіндегі өзара іс-қимыл жұмыстары пысықталды.
🔹 Оқу-жаттығу нәтижесінде жеке құрамның орман өрттеріне жедел ден қоюға дайындығы бағаланып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы практикалық дағдылар жетілдірілді.