Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Осиновая шатқалы – табиғаты көркем, таулы ландшафттары ерекше аймақтардың бірі.
Шатқал аумағында тау бөктерін көмкерген орман алқаптары, таза ауа мен табиғи тыныштық үйлесім тауып, келушілерге ерекше әсер сыйлайды. 🌲🏔️
Осиновая шатқалында орманшы үйі және қонақтарға арналған қонақ үй орналасқан. Бұл табиғат аясында тынығып, ұлттық парктың көрікті жерлерін тамашалауға мүмкіндік береді.
🌱 Табиғатты тамашалау – оны қорғаудан басталады. Ұлттық парк аумағында тазалық сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрқайсымыздың міндетіміз.
Табиғат – ортақ үйіміз, оны бірге қорғайық! 💚
#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ОсиноваяШатқалы #Табиғат #Экотуризм Жетісу