🔹Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ұлттық парктің Алакөл филиалының қызметкерлері Көкжар орманшылығы аумағында жабайы жануарлар дүниесін қорғау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді.
🔹 Іс-шара барысында табиғатты қорғау талаптарының сақталуына бақылау жүргізіліп, заңсыз аң аулау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ жабайы жануарлар дүниесін қорғау бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
🔹 Рейдтік іс-шара қорытындысы бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.