«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұлттық парктің Лепсі филиалы тұқымбағында туристерге арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қонақтарға табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза сақтау және ұлттық парк аумағындағы тәртіп талаптарын сақтау жөнінде ақпарат беріліп, арнайы ақпараттық үндеулер таратылды.
Сондай-ақ табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сұхбат өткізілді.
Іс-шара соңында туристердің алған әсері тыңдалып, олардың пікірлері алынды.
🌱 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздан басталады!
Таза Қазақстан – таза табиғат, жарқын болашақ!