Skip to content
Жаңалықтар Жетісуда Дүниежүзілік туризм күні аталып өтті

Жетісуда Дүниежүзілік туризм күні аталып өтті

  • by

Жетісуда Дүниежүзілік туризм күні аталып өтті

Дүниежүзілік туризм күніне орай Жетісу облысында туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандарды марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым және туризм жөніндегі орынбасары, рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Жетісу облысы туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашевтің атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Марапат ұлттық парктегі экологиялық туризмді дамытуға, туристік бағыттарды насихаттауға және табиғи мұраны көпшілікке танытуға бағытталған еңбектің жоғары бағаланғанын білдіреді.

Табиғатты қорғау мен туризмді дамыту – табиғи мұраны келешек ұрпаққа жеткізудің маңызды бағыттарының бірі.