23 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАР БАРЫСЫ КҮНІ!
🌿 23 қазан – Халықаралық қар барысы күніне орай «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Сарқан филиалының қызметкерлері Екіаша ауылының мектебінде оқушыларға арналған экологиялық сабақ өткізді.
🐾 Экологиялық сабақ барысында оқушылар қар барысының тіршілік ету ортасы, ерекшеліктері және оны сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар өз қолдарымен дайындаған суреттері мен макеттерін таныстырып, шығармашылық жұмыстарын қорғады.
📖 Оқушылар әзірлеген «Қызыл кітап» альбомы ерекше қызығушылық тудырып, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау тақырыбын кеңінен талқылауға мүмкіндік берді.
🌱 Аталған іс-шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және биоалуантүрлілікті сақтаудың маңызын түсінуге бағытталды.
Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз!
#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ҚарБарысы #ХалықаралықҚарБарысыКүні #ЭкологиялықАғарту ЭкоСабақ ҚызылКітап ТабиғаттыҚорғау СарқанФилиалы