25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті қазақстандықтар!
«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымы баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Республика күні – еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын айшықтайтын тарихи маңызы зор мереке.
🌿 Туған жеріміздің табиғатын қорғау, оның баға жетпес байлығын сақтау және келешек ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ парызымыз.
Осы айтулы мерекеде елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз!
🇰🇿 Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі, еліміздің болашағы жарқын болсын!
Республика күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ұжымы
#РеспубликаКүні #25Қазан #ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #Қазақстан ТабиғаттыҚорғау