ДАЛА ТАУШЫМЫЛДЫҒЫ
СӘУЛЕГҮЛ
Paeonia hybrida Pall.
Сарғалдақтар тұқымдастығы – Paeoniaceae
Санаты. III категория. Таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр.
Биологиялық ерекшеліктері мен қысқаша сипаттамасы. Субэндемик түр. Тамыры түйнек тәрізді және сабағының биіктігі 80 см-ге дейін жететін көпжылдық өсімдік. Жапырағы тегіс, екі қайтара саусақ салалы, ланцетті сегменттерімен. Гүлдері дара, қызғылт-қошқыл, диаметрі 12–14 см-ге дейін, тұқымы күңгірт-қоңыр, жылтыр. Мамыр–шілдеде гүлдейді, маусым–тамызда жеміс береді .
Таралуы. Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, Батыс және Оңтүстік Алтай, Жетісу Алатауы, Тарбағатайда өседі .
Ұлттық парктегі таралуы мен шоғырлану орындары. Ұлттық парктің барлық аумақтарында кеңінен таралған түр. Ол шалғынды далаларында, аласа тау беткейлерінде, кейде тауларда және бұталы қауымдастықтарда өседі. Жабайы жемісті орман алқаптарында жиі кездеседі. Әдетте күнгей беткейлерді таңдайды.
Ұлттық паркте түрдің таралуын шектейтін табиғи және антропогендік факторлар.
Табиғи факторлар: орман және дала өрттері. Антропогендік факторлар: гүлін жаппай гүлдеу кезеңінде тұрғындардың гүлшоқтары үшін жинауы, таралу аумақтарында шаруашылық қызмет, рекреациялық әсер, қарқынды мал жаю, жер жырту әсері.
Ұлттық парк аумағында түрді сақтау үшін қажетті шаралар.
Түрдің көп таралуына қарамастан, ЕҚТА-ның қорғау режимін сақтау. Экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу.
