Skip to content
Жаңалықтар «ЕРІКТІЛЕР – ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ»

«ЕРІКТІЛЕР – ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ»

  • by

🍃 Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық!

«Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен «Мейірімді Жетісу» фронт офисінің волонтерлары бірлесе отырып, жастар арасында «Еріктілер – табиғат жанашырлары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.

🌱 Кездесудің басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және экологиялық еріктілік қозғалысын кеңінен насихаттау.

Іс-шара барысында қатысушыларға табиғи байлықтарды сақтау, қоршаған ортаны аялау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар жастарға экологиялық бағыттағы ақпараттық бүктемелер таратылып, табиғатты қорғауға қатысты пайдалы мәліметтер ұсынылды.

💚 Табиғат – бізге аманат! Оны қорғау – бүгінгі ұрпақтың міндеті, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігі. Әрбір игі іс, әрбір саналы қадам қоршаған ортаның таза әрі көркем болуына үлес қосады.

🌍 Табиғатты аялайық, тазалықты сақтайық, экологиялық мәдениетті бірге қалыптастырайық!