☝🏼ҚҰРМЕТТІ КЕЛУШІЛЕР!
🏔️ Ауа температурасының төмендеуіне және күзгі маусымдағы жауын-шашынның көбеюіне байланысты, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағындағы туристік маршруттар мен экологиялық соқпақтардың жабылатынын хабарлаймыз!
📍 Сарқан филиалы:
№ 5 – «Жоғарғы Жасылкөл»;
№ 14 – «Көкжота» шатқалы;
№ 15 – «Ақкөл» көлі.
📍 Алакөл филиалы:
№ 11 экологиялық соқпақ – «Көкжар» шатқалы;
№ 12 – «Аттапқан» шатқалы;
№ 13 – «Жамантас» шатқалы.
📍 Лепсі филиалы:
№ 2 – «Төменгі Жасылкөл»;
№ 8 – «Карбушка және оның әсемдігі» шатқалы;
№ 9 – «Черная речка» шатқалы;
№ 10 экологиялық соқпақ – «Щеки».
⚠️ Құрметті табиғат жанашырлары мен туристер!
Таулы аймақтардағы ауа райының құбылмалылығын ескере отырып, жабылған туристік маршруттарға бармауларыңызды және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
🌿 Сіздің қауіпсіздігіңіз – біз үшін маңызды!
#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ТуристікМаршруттар #Туризм #Қауіпсіздік Жетісу ТабиғаттыҚорғау
