Орамалы соссюрея
Saussurea involucrata (Kar.et Kir.) Sch. Bip.
Күрделігүлділер тұқымдастығы – Asteraceae
Санаты. II категория. Саны азайған реликт түр.
Биологиялық ерекшеліктері мен қысқаша сипаттамасы. Биіктігі 35 см болатын, қалың жапырақты сабағы жалғыз көпжылдық өсімдік. Жапырағы созыңқы, ұзындығы 14 см-ге дейін, ені 2,5 см, отырынқы, сабақты қоршай орналасқан, жиегі ара тісті. Гүл жанындағы жапырақшалар саны көп, жарғақты, ашық түсті, сопақ, гүлшоғырын айналып тұрғандай, гүлдеген кезде ашылады. Себеттері көп, тығыз домалақ, қою түсті және түкті жапырақшалармен оралған. Гүлдері қос жынысты, күңгірт-күлгін түсті түтікті күлтелі. Тұқымы жалаң, қысқа қылшықты айдарлы. Тұқымымен көбейеді. Шілде-тамызда гүлдеп, жеміс береді [1].
Таралуы. Жетісу, Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен жотасы. Қазақстаннан тыс: Орталық Тянь-Шань, Қырғыз Алатауының оңтүстік жотасы [1].
Ұлттық парктегі таралуы мен шоғырлану орындары.
Өсімдік тек биіктауларда өте сирек кездеседі. Ол теңіз деңгейінен 2800 м биіктіктен бастап өсімдік жамылғысының жоғарғы шегіне дейін тастарда, тасты-ұсақтасты беткейлерде, ежелгі морена алқаптарында өседі. Парк аумағында барлығы 4 таралу аймағы кездестірілді.
Аманбөктер орманшылығы: Қарасырық шатқалында теңіз деңгейінен 2800 м биіктікте тас қорымдарында 5 дана кездестірілді.
Жалаңаш орманшылығы: Жоғарғы Жасылкөл шатқалында теңіз деңгейінен 3100 м биіктікте тастарда кездестірілді.
Көкжар орманшылығы: Үлкен Жылысай шатқалы (Ашық кезең асуы) N: 45°18′38,4″, E: 80°38′33,3″ h 2814 м. 1 дана кездестірілді.
Ұлттық паркте түрдің таралуын шектейтін табиғи және антропогендік факторлар.
Табиғи факторлар: өсу орындары – тасты мекендер болғандықтан тас құмалары түрдің таралуын тежеуі мүмкін. Антропогендік факторлар: биік таулы жерлерге келушілердің декоративті өсімдікті жинауы
