Skip to content
Жаңалықтар РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК МАРАФОН ӨТТІ!

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК МАРАФОН ӨТТІ!

  • by

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК МАРАФОН ӨТТІ! 🏃‍♂️🏆

🇰🇿 25 қазан – Республика күніне орай Сарқан қаласында мерекелік марафон ұйымдастырылды.

Аталған спорттық іс-шараға Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Алмас Байгунысов қатысып, марафонға қатысушыларға қолдау білдірді.

Мерекелік марафонға «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ қызметкерлері де белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

🥇 І орын – шаруашылық бөлімінің басшысы М. Аязбаев (50 жастан жоғары жас санаты).

🥈 ІІ орын – ғылым бөлімінің биологі Қ. Елеусизов (18–34 жас аралығы).

👏 Әріптестерімізді спорттық жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

💚 Ұлттық парк қызметкерлері табиғатты қорғау саласында ғана емес, спорттық іс-шараларда да белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттауда.

🇰🇿 Республика күні құтты болсын!

#РеспубликаКүні #25Қазан #ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #Сарқан МерекелікМарафон Спорт СалауаттыӨмірСалты Жетісу