РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ!
🇰🇿 «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-де 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты жиын өткізілді.
✨ Республика күні – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын дәріптейтін маңызды ұлттық мереке. Бұл күн – мемлекетіміздің тарихындағы ерекше белес, елдігіміз бен азаттығымыздың айқын көрінісі.
🌿 Салтанатты жиын барысында ұлттық парк бас директорының орынбасары Қуаныш Серікболұлы Ақылбаев ұжымды Республика күнімен құттықтап, қызметкерлерге ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ еліміздің өсіп-өркендеуіне, табиғи байлықтарымызды сақтауға бағытталған еңбектеріне табыс тіледі.
💙 Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
🇰🇿 Республика күні құтты болсын!
#РеспубликаКүні #25Қазан #Қазақстан #ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк ТәуелсізҚазақстан Жетісу Бірлік Егемендік