Skip to content
Жаңалықтар Сиверс алмасы

Сиверс алмасы

  • by

Сиверс алмасы

Malus sieversii (Ledeb.) M. Roem.
Раушангүлділер тұқымдастығы – Rosaceae

Санаты. III категория. Саны азайған түр.

Биологиялық ерекшеліктері мен қысқаша сипаттамасы. Биіктігі 2-9 м-ге жететін, қабығы сұр-қоңыр немесе қою сұр түсті, ұшарбасы кеңінен жайылған ағаш. Гүлдері ашық-қызғылт немесе ақ түсті, гүлінің диаметрі 3,5-6 см-дей. Жемістерінің пішіні, мөлшері, түсі, дәмі және пісу мерзімдері әр алуан. Тұқымдары қоңыр. Сәуір-мамырда гүлдейді. Тұқым арқылы көбеюі баяу, ал вегетативті жолмен көбеюі жақсы жетілген (тамыр ұлпаларымен және өскіндерімен). 6-8 (12) жылдық жастан 125 жасқа дейін жеміс береді (өмір сүру ұзақтығы 150 жыл) .

Таралуы. Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулы аймақтары: Тарбағатай (орталық), Жетісу және Іле, Қырғыз, Талас Алатаулары, Қаратау, Шу-Іле таулары. Қазақстаннан тыс: Орталық Азия және Батыс Қытай .

Ұлттық парктегі таралуы мен шоғырлану орындары. Түр ұлттық парк аумағында қалың орман түзіп кездеседі. Негізінен теңіз деңгейінен 1200-1600 м. биіктікте және өзеннің жағаларында шоғырланған. Алма ағаштардың ішінде жас ағаштармен салыстырғанда, кәрі ағаштары көбірек. Алма ағаштары биік беткейлерде (кейде аса тік) ғана емес, таудың жазық алқаптарында да кеңінен таралған.

Тополёвка орманшылығы: Көкжота, Осиновая, Биесимас, Жаман Теректі шатқалдары.

Жалаңаш орманшылығы: Жалаңаш шатқалы.

Чернов орманшылығы: Крутое, Черная речка, Пикетная шатқалдары.

Көкжар орманшылығы: Көкжар шатқалы, Шұбар ағаш, 1-кластерлік учаскесі.

Яблоня Сиверса – предок культурных яблонь - Жоңғар-Алатауы