Skip to content
Жаңалықтар ТАУДАҒЫ ҚҰПИЯ САҚШЫСЫ

ТАУДАҒЫ ҚҰПИЯ САҚШЫСЫ

  • by

«ТАУДАҒЫ ҚҰПИЯ САҚШЫСЫ»

🌿 23 қазан – Халықаралық қар барысы күні!

🐾 Халықаралық қар барысы күніне орай «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің Алакөл филиалының ұйымдастыруымен М. Жұмабаев атындағы орта мектебінде «Жасыл орман қамқоршылары» мектеп орманшылығының қатысуымен «Таудағы құпия сақшысы» атты экологиялық-танымдық іс-шара өткізілді.

🌲 Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға қар барысының табиғаттағы маңызын түсіндіру, сирек кездесетін жануарларды қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

🐆 Шара барысында оқушылар қар барысының тіршілік ету ортасы, ерекшеліктері және оны сақтаудың маңыздылығы туралы танымдық мәліметтер алды.

💚 Қар барысын қорғау – табиғат байлығын сақтауға қосқан үлесіміз!

#ҚарБарысыКүні #ТаудағыҚұпияСақшысы #ЖасылОрманҚамқоршылары #ЖоңғарАлатауы #АлакөлФилиалы ҰлттықПарк ЭкологиялықТәрбие ТабиғаттыҚорғау МектепОрманшылығы