«ТУҒАН ЖЕР ТАБИҒАТЫ – ОРТАҚ БАЙЛЫҒЫМЫЗ»
🌳 «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Алакөл филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Омар Молдағожина атындағы орта мектептің 9–11-сынып оқушыларына экологиялық сабақ өткізілді.
🌱 Сабақтың мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты аялауға, туған жердің табиғи байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.
💚 Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
#ЖоңғарАлатауы #АлакөлФилиалы #ЭкологиялықСабақ #ТабиғаттыҚорғау #ТазаҚазақстан