«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мекемеміздің ардагеріне қолдау көрсетіп, қысқы жылыту маусымына дайындық аясында көмірін кіргізіп берді.
🤝 Игі шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету, оларға қамқорлық таныту және күнделікті тұрмыстық жұмыстарына қолғабыс ету.
💚 Ардагерлерге қолдау көрсету – ұлттық парк ұжымының үлкенге деген құрметі мен жанашырлығының айқын көрінісі.
Үлкенге құрмет, ардагерге ізет көрсету – ұжымымыздың игі дәстүрлерінің бірі!