Skip to content
Жаңалықтар ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ 2027–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАСҚАРУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ 2027–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАСҚАРУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • by

ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ 2027–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАСҚАРУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғи кешендерді сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және тұрақты дамудың тиімді стратегиясын қалыптастыру мақсатында әзірленген 2027–2031 жылдарға арналған басқару жоспарының жобасын талқылау бойынша Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

📌 Отырыс 2026 жылғы 30 қазанда Zoom платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.

Кездесу барысында басқару жоспарының негізгі бағыттары қарастырылып, оны жетілдіру және алдағы кезеңдегі табиғатты қорғау шараларының тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талқыланды.

Табиғатты сақтау және тұрақты даму – ұлттық парктің басты басымдықтарының бірі!