Skip to content
Жаңалықтар ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

  • by

ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек – 2 қазан күндері аралығында «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» және «Ғылым» бөлімдерінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейдтік жұмыстар «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ бас директорының 2026 жылғы 19 тамыздағы №215 н-қ «Жабайы аңдарды қасақылықтан қорғау бойынша кезекшіліктер ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.

📍 Рейдтік іс-шаралар Алакөл филиалының:
🏔 Арқанкерген шатқалы мен Тоқты қаумалы аумағында;
🌲 Сарыбөктер шатқалында;
🌿 Жолымбет шатқалында;
⛰ Тасқашаған шатқалында жүргізілді.

Рейд барысында табиғи аумақтарды бақылау, жабайы жануарлар дүниесін қорғау және заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.

Жабайы жануарлар дүниесін сақтау және олардың табиғи мекен ету ортасын қорғау – ұлттық парктің маңызды міндеттерінің бірі.