Жекдуадақ — дуадақтар тұқымдасына жататын, дене пішіні орташа, салмағы 1 – 2,5 кг құрайтын құс түрі. Қанатында ақ және қара жолақтары бар, ірі құс. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Жыл маусымына қарай көшіп қонатын құс .Мекендейтін жерлері Жамантас, Тентек өзені бойы.