«Жоңғар Алатауы» МҰТП-де Орман шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті.
Бүгін «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мәдениет үйінде салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.
Бұл мереке – орман байлығын қорғап, табиғатты сақтауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген сала мамандарына құрмет көрсететін ерекше күн.
Мерекелік іс-шара барысында отандық туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін Мақсутов Әділет Маратұлы мен Вихрова Елена Викторовна Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал «Туризм саласының үздігі» төсбелгісі Атабаева Мадина Маратовна мен Шатырбаева Айдана Сериковнаға табысталды.
Сонымен қатар «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» III дәрежелі төсбелгімен Қасымханова Тоғжан Қанатбекқызы, Сатылғанов Қайрат Қусаинович, Абдухаликов Гафур Сафарович және Турғамбаев Сабырбек Базаралинович марапатталды. Комитеттің Құрмет грамотасы Турусбеков Алибек Бейсембековичке берілді.
Сондай-ақ орманды қорғау және күзету жұмыстарын күшейту мақсатында 4 шағын орман патрульдік автокөлігінің кілті табысталды.
Марапат иелерін құттықтаймыз!
#ТабиғаттыңҮнсізСақшылары #Орманшылар #ПриродаКазахстана #WildlifeConservation #NatureOfKazakhstan