Skip to content
Жаңалықтар Экологиялық дәріс және «Қалдыққа екінші өмір сыйла» шеберлік сағаты өткізілді

Экологиялық дәріс және «Қалдыққа екінші өмір сыйла» шеберлік сағаты өткізілді

  • by

2026 жылғы 4 қарашада «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту жұмыс жоспарына сәйкес Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 5-сынып оқушыларына экологиялық дәріс-сабақ және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Қалдыққа екінші өмір сыйла» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.

🌱 Дәріс барысында оқушылар ұлттық парктің қызметімен, негізгі бағыттарымен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың маңызымен және табиғат аясында өзін ұстау ережелерімен танысты.

♻️ Шеберлік сағатында пайдаланылған пластикалық құтыларға екінші өмір сыйланып, ағаштан жасалған тік бағанға бекітілген ыдыстарға сәндік гүлдер отырғызылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғауға баулу және тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану дағдыларын қалыптастыру.