🔹2026 жылғы 19 қарашада «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығымен бірлесіп, Қазақстанның туристік сала өкілдеріне арналған ақпараттық тур ұйымдастырды.
Іс-шараға Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз хатшысы сондай-ақ Visit Taraz, Visit Shymkent және Visit Zhetysu туристік ақпараттық орталықтарының өкілдері, салалық қауымдастықтар, оның ішінде Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТҚ), Қазақстан қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (ҚҚМҚ), Гидтер қауымдастығы, туристік компаниялардың өкілдері қатысты.
🔹Сапардың негізгі мақсаты – «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының инфрақұрылымымен, қызмет ету ерекшеліктерімен және туристік бағытты дамыту мүмкіндіктерімен танысу болды. Қатысушылар орталық аумағын аралап, сауда және қызмет көрсету нысандарымен танысты, сондай-ақ туристік сапарларды ұйымдастыру шарттарын зерделеді.
🔹Ақпараттық тур кәсіби пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және әртүрлі өңірлердің туристік ұйымдары арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік беретін алаңға айналды. Әсіресе, «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын туристік маршруттарға енгізу және бірлескен туристік өнімдерді дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.