Skip to content
Жаңалықтар Рейдтік іс-шара өткізілді

Рейдтік іс-шара өткізілді

  • by

Аманбөктер орманшылығында рейдтік іс-шара өткізілді

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директорының 2026 жылғы 19 тамыздағы №215 н/қ бұйрығына сәйкес, 3–6 қараша аралығында Сарқан филиалына қарасты Аманбөктер орманшылығы аумағында рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейд барысында ЖДҚӨМ және Ғылым бөлімдерінің мемлекеттік инспекторлары заңсыз аң аулаудың алдын алу, жабайы жануарларды қорғау және олардың қысқы кезеңдегі тіршілік жағдайын бақылау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар жануарлардың мекен ету ортасы, таралу аймақтары мен қозғалыс іздері бақыланып, табиғат қорғау заңнамасының сақталуына назар аударылды.

Табиғи байлықтар мен жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.