Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 50 маманы Алматыда бас қосты. Оларды біріктірген ортақ мақсат – табиғат туралы сапалы фото және видео контент жасауды үйрену.
📸 GREEN SCIENCE KZ жобасы аясында ұйымдастырылған мобилография практикумы барысында қатысушылар Іле-Алатауы ұлттық паркі мен Бас ботаникалық бақтың табиғатын түсірді.
Практикумға 13 ұлттық парк, 8 қорық, 6 резерват, 2 мемлекеттік ботаникалық бақ, «Қазорман» және «Жасыл Аймақ» кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Бұл шара 3–15 қараша аралығында өткен онлайн оқытудың жалғасы болды.
🎬 Медиатренерлер Марат Садықов пен Гүлім Әмірханова және National Geographic фотографы Ануш Бабаджанян қатысушыларға визуалды сторителлинг, сценарий жазу, түсірілім, композиция, жарық, дыбыс және монтаж жасау тәсілдерін үйретті.
17 қарашада өткен қорытынды қорғауда табиғат, биоалуантүрлілік, ғылыми зерттеулер, мемлекеттік инспекторлардың жұмысы, өсімдіктерді клондау және орманды қалпына келтіру тақырыптарын қамтыған 11 бейнеролик ұсынылды.
🌱 Практикумның басты мақсаты – ЕҚТА мамандарының медиа дағдыларын жетілдіру, Қазақстанның табиғи байлығы мен оны сақтау жолындағы еңбекті көпшілікке кеңінен таныту.
GREEN SCIENCE KZ жобасын «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК мен «EcoForming экология және білім беру қоры» ҚҚ «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырады.









