Жетісу облысы Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласындағы «ХХ Шыңжаң қысқы туризм өнеркәсібі сауда көрмесінде» өңірдің туристік әлеуетін кеңінен таныстырып, халықаралық туристік кеңістіктегі орнын нығайта түсті.
Көрме барысында өңірдің табиғи көрікті жерлері, туристік бағыттары, демалыс және сауықтыру орындары, сондай-ақ туристік мүмкіндіктері шетелдік қонақтар мен сала өкілдеріне ұсынылды.
Жетісу облысының атынан көрмеге келесі ұйымдар мен туристік нысандар қатысты:
▪️ «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
▪️ «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
▪️ «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;
▪️ «Asia Tour» туристік компаниясы;
▪️ «Тау Жетісу» тау шаңғы кешені;
▪️ «Жаркент-Арасан» медициналық-сауықтыру кешені;
▪️ «Викинг» турбазасы;
▪️ Жетісу облысының туризм басқармасы;
▪️«Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы.
Аталған көрме Жетісу облысының туристік мүмкіндіктерін халықаралық деңгейде танытуға, өңірдің танымалдылығын арттыруға және шетелдік туристерді тартуға бағытталған маңызды алаң болды.
Жетісу – саяхатқа шақыратын сұлу өлке!















