Skip to content
Жаңалықтар ЖОҢҒАР-АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ӨРТ ҚАУІПТІ МАУСЫМ АЯҚТАЛДЫ

ЖОҢҒАР-АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ӨРТ ҚАУІПТІ МАУСЫМ АЯҚТАЛДЫ

  • by

🔹ЖОҢҒАР-АЛАТАУЫ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ӨРТ ҚАУІПТІ МАУСЫМ АЯҚТАЛДЫ

2026 жылғы 20 қарашадан бастап «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында өрт қауіпті маусым ресми түрде аяқталды.

🌿 2026 жылы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылып, парктің материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

✅ 245 шақырым минералдандырылған жолаққа күтім жасалып, жаңартылды;

✅ Өртке қарсы маңызы бар 315 шақырым жол жөнделді;

✅ Өрт қауіпсіздігі жөніндегі 75 баннер жаңартылды;

✅ 257 нұсқама-ескерту және жауапкершілік парағы беріліп, 515 үнпарақ таратылды.

📢 Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында:

🔹 51 семинар және түсіндіру іс-шарасы өткізілді;

🔹 Теледидарда 4 сюжет көрсетілді;

🔹 Әлеуметтік желілерде 40 жарияланым жасалды;

🔹 Газеттерде 28 мақала жарық көрді.

🌲 БАСТЫ НӘТИЖЕ: 2026 ЖЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ПАРК АУМАҒЫНДА БІРДЕ-БІР ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ!

Бұл — өрттің алдын алу бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстар мен табиғатты қорғауға деген жауапкершіліктің нәтижесі.

🤝 Табиғатты қорғауға үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз!

🌿 Табиғатты сақтау — ортақ міндетіміз!

#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ӨртҚауіпсіздігі #ОрманҚорғау #ТабиғаттыҚорғау