Skip to content
Жаңалықтар 2021–2025 жылдардағы ғылыми зерттеулердің қорытындысы

2021–2025 жылдардағы ғылыми зерттеулердің қорытындысы

  • by

021–2025 жылдары парк аумағында «Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында мекендейтін жәндіктерді түгендеу» ғылыми-зерттеу жұмысы аясында энтомофаунаға қатысты ауқымды зерттеулер жүргізілді. 5 жыл ішінде:

🔬 784 жәндік түрі анықталды (12 отряд, 99 тұқымдас)
🦠 Омыртқасыздардың жалпы тізімі — 787 түр
📈 Таксономиялық тізім 130 жаңа түрмен толықтырылды
📕 7 түр Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген
🌿 16 түр — өңірлік эндемиктер

Жыл сайын жүргізілген далалық зерттеулер, коллекциялық материалдарды жинақтау және таксономиялық талдау нәтижесінде парк аумағындағы биоалуантүрлілік туралы ғылыми деректер айтарлықтай толықтырылды.

📚 Зерттеу нәтижелері 6 ғылыми мақалада және бір монографияда жарияланды.