🌿 «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ұлттық парк қызметкерлері «Туған өлкем – шабыт мекені» атты сурет салу шығармашылық байқауын ұйымдастырып өткізді.
🎨Байқауға Сарқан қаласының мектеп оқушылары қатысып, өз шығармашылық жұмыстары арқылы туған өлкенің әсем табиғатын, көрікті жерлерін және қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін бейнеледі.
🌱Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
🔹Байқау қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 5 маусым күні өтеді.