Skip to content
Жаңалықтар №4 туристік маршрут — «Шумский мұздығы»

№4 туристік маршрут — «Шумский мұздығы»

  • by

🏔️ №4 туристік маршрут — «Шумский мұздығы»

🌿 Ұлттық парк аумағындағы №4 туристік маршрут — «Шумский мұздығы» табиғаттың қайталанбас сұлулығын тамашалауға мүмкіндік беретін ерекше бағыттардың бірі.

Маршруттың негізгі көрініс нысаны — көркем Кіші Басқан шатқалы. Саяхат барысында қылқан жапырақты ормандардың әсем көріністері, өзен аңғары, мореналық көлдер мен альпілік шалғындар көз тартады.

🏔️ Маршруттың ең биік нүктелерінің бірі — теңіз деңгейінен шамамен 4442 метр биіктікте орналасқан Шумский мұздығы.

✨ «Шумский мұздығы» — биік таулардың тынысын сезініп, табиғаттың тылсым әлемін тамашалауға мүмкіндік беретін ерекше бағыт.

🌲 Табиғатты бірге аялайық!

#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ШумскийМұздығы #КішіБасқан #Туризм Экотуризм ТабиғатЖанашырлары

📸 Рекреация және туризм инженері Шамшудинов М