«ТАУДАҒЫ ҚҰПИЯ САҚШЫСЫ»
🌿 23 қазан – Халықаралық қар барысы күні!
🐾 Халықаралық қар барысы күніне орай «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің Алакөл филиалының ұйымдастыруымен М. Жұмабаев атындағы орта мектебінде «Жасыл орман қамқоршылары» мектеп орманшылығының қатысуымен «Таудағы құпия сақшысы» атты экологиялық-танымдық іс-шара өткізілді.
🌲 Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға қар барысының табиғаттағы маңызын түсіндіру, сирек кездесетін жануарларды қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
🐆 Шара барысында оқушылар қар барысының тіршілік ету ортасы, ерекшеліктері және оны сақтаудың маңыздылығы туралы танымдық мәліметтер алды.
💚 Қар барысын қорғау – табиғат байлығын сақтауға қосқан үлесіміз!
#ҚарБарысыКүні #ТаудағыҚұпияСақшысы #ЖасылОрманҚамқоршылары #ЖоңғарАлатауы #АлакөлФилиалы ҰлттықПарк ЭкологиялықТәрбие ТабиғаттыҚорғау МектепОрманшылығы