РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК МАРАФОН ӨТТІ! 🏃♂️🏆
🇰🇿 25 қазан – Республика күніне орай Сарқан қаласында мерекелік марафон ұйымдастырылды.
Аталған спорттық іс-шараға Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Алмас Байгунысов қатысып, марафонға қатысушыларға қолдау білдірді.
Мерекелік марафонға «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ қызметкерлері де белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 І орын – шаруашылық бөлімінің басшысы М. Аязбаев (50 жастан жоғары жас санаты).
🥈 ІІ орын – ғылым бөлімінің биологі Қ. Елеусизов (18–34 жас аралығы).
👏 Әріптестерімізді спорттық жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
💚 Ұлттық парк қызметкерлері табиғатты қорғау саласында ғана емес, спорттық іс-шараларда да белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттауда.
🇰🇿 Республика күні құтты болсын!
#РеспубликаКүні #25Қазан #ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #Сарқан МерекелікМарафон Спорт СалауаттыӨмірСалты Жетісу