18 мамыр – Халықаралық мұражай күні
Халықаралық мұражай күні 1978 жылы Халықаралық мұражайлар Кеңесінің XII Бас Ассамблеясының шешімімен жарияланды. Бұл мереке жыл сайын 150-ден астам елде атап өтіледі. Бұл күні мұражайларда ашық есік күні өтеді, сол күні келушілер барлық көрме мен экспозицияларды тамашалай алады. Қазақстанда 200-ден астам мұражай бар. Еліміздің мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін қастерлейтін қадірлі жандарды мерекемен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз біздің қоғам үшін өте маңызды! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілейміз! Халықаралық мұражай күніне орай «Жоңғар-Алатауы МҰТП» табиғат мұражайы 16-23 мамыр күндері аралығында ашық есік күніне шақырады!
Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі