Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ
Жүгіру жолы
Жоңғар - Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Бұл басылым ең алдымен Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері үшін, сондай-ақ орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызмектерлері мен туған өлкесінің барлық табиғат сүйер қауымына арналған пайдалы әрі маңызды құрал болады.

https://drive.google.com/file/d/1yXbg5rCAMEvetysvWY7Z2SVYeF66UZ-J/view?usp=sharing

50-60 жылдардың соңында жарияланымда Жоңғар Алатауы МҰТП интродуценттерінің табиғи экожүйелерге таралуы туралы, экологиялық шолу мен мәліметтер енгізіліп, келтірілген. Одан әрі зерттеудің маңыздылығы негізделіп, Жоңғар Алатауы МҰТПнің флорасының бөтен элементіне сипаттама берілді.https://drive.google.com/file/d/1aCSgQidZBl8bjZRHAlMs2ctCYeDDPhiR/view?usp=sharing

Бұл басылымда соңғы 60-70 жылдарда табиғи экожүйелерге енгізілген Жоңғар-Алатауы МҰТП жабайы жеміс ормандарындағы интродукциялар мен орман екпелерінің таралуы, экологиялық бәсекелестігі туралы шолу мен мәліметтер келтірілген. Сиверс алма ағашының жабайы жеміс ормандарының табиғи таралу ортасын сақтау бойынша одан әрі зерттеудің маңыздылығы негізделеді.

Басылымда Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында таралған папоротниктер, қырықбуындар, ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктердің фотосуреттері және сипаттамасы берілген. Бұл басылым табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер және табиғатты сүйетін барлық қауымға және туристерге маңызды құрал.

Кітапта Жоңғар-Алатауы МҰТП сүтқоректілерінің таралуы, саны, биологиясы туралы деректер көрсетілген. Авторлардың материалдары, әдебиеттерден және ұлттық парк аумағында жүргізілген зерттеу нәтижелері қолданылды. Кітап зоологтарға, табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне және барлық табиғатқа жанашыр адамдарға арналған.

Кітапта Жоңғар – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым бөлімінің жәндіктер фаунасы бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Онда аймақтағы барлық жәндіктер топтарының түр құрамы, экологиялық және биологиялық қасиеттері және экономикалық маңызы туралы қысқаша мәліметтер келтірілген. Кітап энтомологтарға, экологтарға, биологиялық әртүрлілікті сақтау және пайдалану мәселелерімен айналысатын мамандарға, биоәртүрлілік жағдайына мониторинг жүргізетін қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мамандарына арналған.

Биоалуантурлілік компоненттеріне бақылау жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулық ерекше қорғалатын табиғи аумақ, яғни парктің мемлекеттік инспекторлық құрамына флора және фауна бақылау жұмыстары, Табиғат жылнамасы үшін бастапқы материалдарды жинауы мен бақылаулар жүргізуге арналған, сонымен бірге дендролог, биологтерді және аңшылықтанушы мамандарды оқытұга пайдалы бола алады.

Бұл басылым мемлекеттік табиғи парктердегі инспекторлардың фенологиялық бақылау жұмыстарын жүргізуіне арналған. Журнал табиғат құбылыстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіндегі маусымдық өзгерістерді, климаттық жағдайларды және экологиялық көрсеткіштерді тіркеуге мүмкіндік береді. Басылымда фенологиялық бақылауларды жүргізу әдістемесі, күнделікті жазбалар үлгісі мен нұсқаулықтар ҚР АШМ ОАШК 2007 жылғы 18 сәуірдегі №156 бұйрығымен бекітілген Заңды тұлға мәртебесі бар ЕҚТА табиғат жылнамасын жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа сай берілген.